A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Қазақстан Республикасының жер заң намасындағы - жаналықтар!

Бүгiнгi таңда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының нормалары iс жүзiндегi салалардың бiрi болып табылады және үнемi жақсаруды талап етедi.

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, (бұдан әрi — Қазақстан Республикасының Заңы), онда жер учаскелерiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған бiрқатар өзгертулер көзделген.

Облыс аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасында негiзгi жаналықтарды түсiндiру жұмыстары белсендi жүргiзiлуде.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңын түсiндiру үшiн облыстың аудандарымен қалаларында кездесулердiң жаңа кестесi бекiтiлдi.

Бүгiнгi таңда бекiтiлген кестеге сәйкес облыстың 11 аудандарында Қазақстан Республикасының жер заңнамасында жаналықтарды түсiндiру үшiн жиналыстар өткiзiлдi, соның iшiнде қала маңындағы аудандарда облыс әкiмiнiң орынбасары А.Үйсiмбаевтың қатысуымен өткiзiлдi.

Жиналыстар құзыреттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қатысуымен жұмыс режимiнде өттi. Жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина және жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасыныңбасшысы Талғат Мұханбеджанов баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына өзгерiстердi мен толықтыруларды түсiндiру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018
Қаралым саны: 404

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz