A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Ақмола облысының аумағында жерзаңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда

Ақмола облысының аумағында жер заңнамасының нормаларын түсiндiру жөнiнде құзыреттi мемлекеттiк органдары мен мекемелер өкiлдерiнен жұмыс тобы жұмыс iстейдi.

Халық арасында түсiндiру iс-шараларын өткiзу мақсатында ақпараттық-анықтамалық материалдар әзiрлендi (алгоритмдер, схемалар, кiтапшалар, слайдтар).

Түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн облыстың аудандар мен қалаларында жұмыс тобының мүшелерiмен аймақтық кеңестер, тренингтер, нұсқаулықтар өткiзу кестесi бекiтiлдi.

2017 жылда бекiтiлген iссапар кестесiне сәйкес облыстың барлық аумақты қамтумен халық арасында алты аймақтық кеңестер өткiзiлдi.

Халықпен өткiзiлген аймақтық жиналыс барысында халықтың 50% ауыл шаруашылығы жерлерiн беру мен жер заңнамасы нормаларын ұстануға мораторийге қатысты, 30% жеке тұрғын үй құрылысы мақсаттарына жер учаскелерiн беруге, 20% коммерциялық мақсатқа жер учаскелерiне қатысты сұрақтар қойылғаны анықталды.

Өткiзiлген кеңестердiң барысында жұмыс тобының мүшелерiмен азаматтарға барлық қызықтыратын мәселе бойынша түсiндiру берiлiп және ақпараттық-анықтамалық материалдар таратылды.

Ағымдағы жылға бұл iс-шаралар бойынша халықпен аймақтық кеңестер өткiзу жөнiнде жаңа iссапар кестесi бекiтiлдi.

Орынд.: Г. Кенжегаринова

Тел: 25-03-62

Мақаланың шыққан күні: 09.02.2018
Қаралым саны: 714

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz