A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалы актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын түсіндіру туралы жұмыс жалғасуда

Халыққа түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн құзыреттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен, iрi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден құрылған облыстық жұмыс тобымен ағымдағы жылдың 29-30 наурызда Есiл және Зерендi аудандарында аймақтық кеңестер өткiзiлдi, олар облыстың10 аймақтарды қамтиды.

Өткiзiлген аймақтық кеңестер жоғары деңгейде өткiзiлдi, негiзiнен, халық ауыл шаруашылығы жерлерiн беру мәселелерiне, Мемлекет басшысының жариялаған мораторий туралы, жер учаскелерiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша, жаңадан құрылған функцияларға және коммерциялық мақсатта жер учаскелерiн беру тәртiбiне қатысты сұрақтар қойылды.

Осы кеңестiң барысында жұмыс тобының мүшелерiмен азаматтарға барлық қызықтыратын мәселе бойынша түсiндiру берiлiп және ақпараттық-анықтамалық материалдар таратылды.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына жаналықтарды түсiндiру жұмыстары жалғасуда. 

Мақаланың шыққан күні: 04.04.2018
Қаралым саны: 483

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz